Мамандығымды мақтан етемін
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
«Нұр» балабақшасының
Тәрбиешісі Ескалиева Динара Кабдрахимовна
«Бала – балқыған қорғасы» деген Абай даналығын көкірегіме түйіп, тәрбиеші мамандығын таңдадым. Жалпы адам баласы тәрбиеші болу үшін тәрбиені ұғынған адам ғана емес, айналаны, қоршаған ортаны тәрбелей алатын жанға айналу керек.
«Бақытымның бастауы,
Балдырғаннан басталды».
Ең алған балабақшаға келгенімде балаларды қалай тәрбиелеймін, өзім әлі баламын ғой деген ойда болдым, кішкентай, таза, пәк көңіл балаларды көргенде қорқынышымның бәрін ұмыттым.Бүгінгі таңда, тәрбиешілік еткен 5 жыл ішінде, балабақша мен балалар менің өз тобасыма айналып кетті.
Балалардың бал күлкісімен, әрбір басқан қадамдары мені алға жетелеп келеді. Балалармен ойнап, бала болсам, құласа демеп, жыласа жұбатар дос боламын.Ертеңгілік өз тобымда отырып, маған қарай анасымен не әкесімен бірге жүзі балбұл жайнай келіп, құшағына енетін әр сәби бақыт нұрын сепкендей. Өсе келе апыл – тапыл басып, былдыр да тәтті тілмен амандасқандарын осы кезге дейін қаншама рет естісем де, мен үшін қадірлі. Қабылдау сәтінен бастап, ертеңгілік жатттығу, тамақтану, жуыну, серуен, оқу іс – әрекет барысындағы балалардың бал тілімен қойылған сұрақтар, олардың оқу іс – әрекетінен алған әсерлері, ойнап жүріп, пәк сәби сезіммен образға кірген түрлері, «білсем», «көрсем», «ұстасам» деген құштарлық шабыттары мені жаңа әлемге енгізгендей болады.
Балалар кезімен мен ұлы суретшімін, мүсіншімін, жаттықтырушымын, экологпын, музыкантпын, бірақ мен барлық мамандықты игерген тәрбиешімін.
Француз ағартушысы Жан – Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып, таза туылады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, сол сияқты өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», — деген. Сондықтан бала жүрегіне жылулық ұялатып, қабілетін, дарынын ашу, әр тәрбиешінің алдындағы ең басты міндет.
Ғұлама Абай Құнанбаев: «Баланы ең әуелі мейір – шапағатқа, одан соң ақыл – парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулу керек» дейді.бүгінде балаларға мейірімімді төге отырып, биік белестерге шығаруға жауапты екенімді ешқашан естен шығармаймын.Халқымызда «Жас келсе – қуатымды, жаңашылдығымды, талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсаймын. Болашақта өзім тәрбиелеген балаларымды биік шыңдардан көріп жатсам, мен өзімді бақыттты тәрбиеші, бақыттты жанмын деп білемін.
Балаларға жан –жақты тәрбие беру үшін ең алдымен «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» демекші, өзім күн сайын жан – жақты ізденіс үстінде жүремін. Тілі тәтті, қылығы шәрбат бөбектер мен бүлдіршіндердің алғаш адам болып қалыптасатын жері — балабақша. Олай болса, бүгінгі балабақша тәрбиешілері қазіргі заманға сай білім мен тәрбие беруге лайықты болуы керек. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді еш уақытта естен шығармаймын. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс – тұрысы, балаларға өнеге, тәлім – тәрбие берерліктей болуы тиіс.Сондықтан өзімді де тәрбиелеп келемін.
Қорыта келгенде, мен өзім мамандығымды мақтан тұтамын, тәрбиеші болғаныма еш өкінбеймін. Менің әрбір күнім балалардың сыңғыр күлкісімен, қуанышымен өтеді.Сондықтан да, тәрбиеші болу мен үшін бақыт.