08.04.2022
  380


Ата-анамыздың  бейнеті мен зейнеті.

 


Біздің қолымыздағы тілдей дипломдарымыз ата-анамыздың  бейнеті мен зейнетінің, балаларын сағына күткен, түн ұйықтамай амандық тілеген, өздерінің қолдары жетпеген армандарын жүзеге асырады деген үміттерінің белгісі деп түсінеміз.


Бүгінгі таңда Әбдіреш әкеміз бен Марияш анамыз төрт ұл бала мен бес қыз баланы дүниеге әкелген. Сол тоғыз баладан жиырма сегіз немере,он жеті шөбере тараған бақытты отбасылар өмір сүруде.


Үлкен ұлы Асқар Маңғыстау облысы бойынша прокурор орынбасары лауазымына дейін өсті. Қазір құрметті демалыста. Өзім ұстаздық жолын ұстадым. Ақтау қаласының  №10 жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келемін. Үшінші қызы — Раногүл бухгалтер мамандығын таңдаған. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болып еңбек атқарады. Төртінші қызы — Райхан бухгалтер мамандығын оқыды. Қазіргі уақытта бизнес орталығында қызметте. Бесінші бала -Серік Атырау облысында мұнай саласында қызмет жасап келеді. Шолпан атты аппақ айдай қызы медицина колледжін бітіріп, қазіргі уақытта медицина орталығында қызметте. Егіздің сыңары  Айман  қызы да жеке меншік бизнесінде қызметте. Қара шаңырақтың иесі Омар атты  ұлы қажырлы еңбегінің арқасында қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. Бақытты шаңырақтың отағасы. Кенже ұлы Бауыржанымыз да ортамызда жүр. Әкеден және анадан алған өнегелі істі қолымыздан келгенше өзіміздің балаларымызға баулып, жақсы білім беруге, адал еңбек етуге тәрбиеледік.  Бұл күндері немерелері де әр алуан мамандық иелері болып отыр.





Пікір жазу