08.04.2022
  160


Дала қоңырауы

Тепышева Бахытгуль Солтановна


Алғашқы ұстаз! Иә, «Алғашқы ұстаз» дегенде, ең бірінші қолға қалам ұстатқан ұстаз, алғаш  табалдырығын аттаған мектеп еске түсетіні сөзсіз… Ұстаз-ұлы қасиетті ұғым, мектеп-алтын орда! Қандай керемет десеңізші! Осындай керемет қасиетті ұғымға алғаш ие болған, алтын орданы  алғаш аша алған ұстаз — Ыбырай Алтынсарин. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді,»- дегендей, Ыбырай Алтынсарин мектебінен соң, сауатсыздықтың пердесі түріле, елдің оқуға бет бұра бастағаны, «Бес арысымыз» бен «Үш бәйтерегіміздің»  сауаттылық үшін,  елі үшін атсалысқаны, сол замандағы надандықтың  құрбаны болғандары  белгілі.                                                                                           «Білімдінің күні-жарық, білімсіздің күні-ғаріп» дегендей, білім қай заманда да адамды тура жолмен жүруге жетелейді. Осындай тура жолды көрсетіп кеткен,  оқу мен тәрбиені қатар алып жүрген Ыбырай өнегесі-кейінгіге  үлгі. Қай шығармасын алсақ та еңбексүйгіштікке, білімге, талапты болуға, жамандықтан аулақ, жақсылыққа үйір болуға шақырады. «Қыпшақ Сейітқұл», «Дүние қалай етсең табылады?», «Жамандыққа жақсылық»,т.б. Оқып отырсаңыз, шығармаларындағы негізгі идеясы-ұрпақты білімді болуға үндей отырып, білімдінің әдепті, басы дәнге толы бидай сияқты иіліп тұратыны, ақыл-ойы толысып, саналы болатындығын айтады.                              Адам адам болып жаратылған соң, бұлақтың шыныдай жылтылдаған суындай көңілі таза, жан-жағына жақсылық, мейірім, шуағын ғана шашып тұруы керек деген идея «Таза бұлақ»шығармасында көрінеді. Сонымен бірге, жақсыны үйренгеннің артық еместігі «Білгеннің пайдасы», әңгімесінен, терең білімнің зеректікке, терең ойлануға әкелетіні,бұлар арқылы үлкен істер атқарылатыны «Силинші деген ханым», «Зеректік» шығармаларынан, барға қанағат қылуға»Сақып»әңгімесінде, талаптанғанның  пайдасы «Талаптың пайдасы»еңбектерінде айтылады және ұрпақты  талапты болуға, зеректікке,еңбектенуге шақырады.


Қазіргі заман-білімдінің заманы.Өткен ғасырларда білімнің шырағын  жағып кеткен ата-бабаларымыздың жолын жалғастыру, сол шырақты жарқырата алып жүру-қазіргі ұрпақтың міндеті.





Пікір жазу