Менің арман-мақсаттарым
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – әнші болу еді.
Бала күндерімнен бастап, өз үйімде, далада ән айтып, көп кітап оқыдым. Теледидарда ән айтатын жұлдыздардың даусына ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.
Мектеп сахналарында ән айтып жүрдім. Аудандық байқауларға қатыстым. Жүлделі орындар иелендім. Дегенмен, бұл арманның хобби болып қаларын білмеппін. Кәзір де ән айтып жүрмін, бірақ мамандығым басқа. Өз мамандығымды сүйемін, құрметтеймін. Мен болашақ балаларды тәрбиелер маманмын.
Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!
Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Тағы бір ең басты армандарымның бірі – өз үйім, өз көлігім болса деймін. Ата-анамды Меккеге апаруды мақсат етіп қойдым. Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!