08.04.2022
  95


Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

Ең бірінші мен есірткіге шағын мәлімет беріп кетейін. Есірткі ( Наркотик) — грек тілінен аударғанда «естен айырылу» деген мағынаны  білдіреді. БДҰС -ның анықтауы бойынша , ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте «анельгетиктер» деп аталған апиыны бар заттарға немесе опоидтарға жатады. Алғаш болып «наркотик» анықтаманы сезгізгішті жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек елшісі Гиппократ қолданған Клавдий Гален деген дәрігер наркотикті сипаттау үшін көбінесе мандрагор ,семена эклаты және мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген. Көбісі есірткіні зиянды зат деп айтып жатады. Бірақ оның негізінде пайдасы да бар. Мысалы , оны медицина саласына пайдалануға болады. Бұл әрине «наркоз» деп аталады. Наркоз дегеніміз организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Ал зиянды есірткілер мыналар: «Героинь», «Марихуана», «Кокаин», «Токсикомания», «Экстази» деген есірткілер өте қауіпті болып табылады. Сондықтан айтарым есірткі адам өміріне өте зиян. Ал егер есірткіні көп қолданатын болсаңыз , уақыт өте келе есірткіге тәуелді болып қалуыңыз әбден мүмкін. Әдетте бұл тәуелділік екіге бөлінеді: жүйелік және физикалық. Сондықтан егер денсаулығыңызға зиян есірткілерді қабылдағыңыз  келмесе, онда менің кеңесім: салауатты өмір салтын ұстанып, әрқашан жарқын өмір мен жарқын болашақты болыңыз!





Пікір жазу