Қазақстандық ортада көптілділікті дамыту және қолдану жолдары
Көптілділік белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. «Көптілділіктің» қалыптасуы күрделі және ұзақ процесс. Көптілділік қоғамның шоғырлануына ықпал етеді,жойылып бара жатқан тілдер мен мәдениеттерді сақтауға көмектеседі. Көптілді білім беру бағдарламасы бәсекеге қабәлетті білімді жастарды қалыптасыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы көпұлтты,көптілді,көпдінді мемлекет болып табылады.Сол себепті қазіргі кезде көптілділікті дамыту мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.Көп тілді білу-заман талабы. XXI ғасырда көп тілді меңгере білген адам барлық жерде жетістікке жете алады Жалпы, «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп дана халқымыз ежелден тіл меңгеруге айрықша ден қойған..Тарихи деректерге жүгінсек ХІХ ғасырда дүниеге келген ұлы ақын Абай Құнанбаев пен ағартушы Шохан Уәлиханов алты тілді білсе, Шәкәрім Құдайбердіұлы бес тілде хат таныған. Ал х ғасырдың алдында өмір сүрген энциклопедик ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70 ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық. Бір азаматтың өз ана тіліне қанық болуы шарт астында өзге бір ұлттың тілін жеттік игеріп, сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени құндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев: «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Оны меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады», – деп болашаққа бағдар болар ой қозғады. Өйткені, біз «цифрландыру» және «роботтандыру» дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Толықтай автоматтандыруға аяқ басқан бұл кезеңде тіл білу ең басты шарт. Сондықтан қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болу үшін жастар өзінөзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылулары қажет. Әлемде көптеген ғылыми және техникалық әдебиет ағылшын тілінде шығарылады.деген.
ЮНЕСКО тұжырымдамасына сәйкес «көп тілді білім беру »дегенде білім беруде кем дегенде үш тілді пайдалануды көздейді : ана тілі, аймақтық немесе ұлттық және халықаралық тіл. Осы тілдерді қолдану «инклюзивтіліктің және білім беру сапасының маңызды факторы» болып табылады