Мамандығым мақтанышым !
Қазір мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді аяқтап үлкен өмірге қадам басуда. Бүгінгі менің мақалам сол асқақ арманның жетегіне еріп жаңа өмірге қадам басқан білім алуды мақсат етіп қойған жандарға арналады. Мамандық таңдау -өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Қазіргі таңда мамандықты таңдау басты өзекті мәселе. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда Адамзат баласы алдына мақсат қойып және мақсатқа жету жолында тынбай еңбектенеді. Ойдан ой туып, ойлар арманға жалғасады. Алға қойған мақсаттар қатарында ең ерекшесі және мәндісі -мамандық. Шынында мамандық болашақ кәсібіміз. Өміріңнің ажырамас бір бөлігіне айналар істі таңдар алдында ойың сан- жаққа жүгірері анық. Осы орайда егер сіз өзіңізге білім алуға ыңғайлы , білім мен ғылымның орталығы ең озықты кәсіби жоғарғы оқу орнын іздеп жүрсеңіз . Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің ең озық білікті мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының құрамында мамандық саны тағы да толықтырылғаны жайлы айта кеткенім жөн болар. «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында 2018 жылдан бастап «Исламтану» мамандығы ашылды. Ислам дінін ,оның қағидаларын ,тарихын, мәдениетін,мұсылман халықтарының құқығын және исламмен байланысты қоғамдық-саяси ұйымдардың , діни-құқықтық жүйелер мен мектептердің өткен тарихы мен қазіргі жағдайын зерттейтін ғылыми пән. Исламтану исламның рухани құндылықтары мен оның ізбасарларының бағдарлары туралы бейтарап ақпарат беретін ғылым ретінде қызмет атқарады. Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Исламтану мамандығының ашылуы түлектерге жаңа мүмкіндіктер береді. Ал мамандықтың маңызы — ислам дінінің тарихымен қатар, қазіргі қоғамда таралуын, діннің ақсап тұрған тұстарын жете зерттейді. Діннің дұрыс бағытта берілуін және қоғамның қалай қабылдауына дейін зерттейді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және арнаулы оқу орындарында,бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде , дін істері комитетінде жұмыс атқара алады. Исламтанушы ретінде әрбір діннің тарихын оның ислам дінімен қалай және қандай жағдайда араласатынын білуіміз керек. Міне, осындай қоғамдық маңызы бар мамандыққа барлық түлектерді ҚазҰУ күтуде! Осыншама мүміндіктерді ұсынып отырған ҚазҰУ өз студенттеріне білім алып , білікті маман атануды талап етіп қояды.