08.04.2022
  221


Автор: Қалижан Бекхожин

ЖҰЛДЫЗ

(Сонет)
Жасымда әжем нақыл ғып айтқан маған,
Оң жағыңнан туар деп бақыт жұлдыз.
 Содан бері қиялмен шарықтағам,
Көкке қарап түндерде жатып үнсіз.
Аспанда көп алтындай сұлу жұлдыз,
Ағып түнде әлемнен сыр ұрлаған.
Саңлаудан көз қысқан бейне бір қыз,
Сездірмейді жалт беріп, сырын маған.
Жұлдыз құшып ұшпадым бірақ көкке,
Көзді тіктім үмітпен төңірекке.
Қызыл жұлдыз алдымнан туған екен, -
Қызыл жұлдыз тағынған ұлы мекен,
Жарқырай бер әлемге, бақ жұлдызым,
Сүйкімді ғой баршаға жарқын жүзің.
1938 ж.





Пікір жазу