08.04.2022
  192


Автор: Қалижан Бекхожин

КӘРІ ПОЛЯК

Кәрі поляк асты да,
Сол ойранның дөңінен,
Келіп жақын қасыма,
Амандасты менімен.
Деді маған: сырымды,
Айтайын мен, проше пан7,
Іздеп келем үйімді,
Ойран-топыр асырдан.
Бес жыл бойы тұтылдым,
Дозағында немістің,
Кеше ғана құтылдым,
Күні туып Жеңістің.
Қара бұлттай түйілген,
Өтті тағдыр басымнан,
Сөйлер ем, сол күйімнен
 
Өйткені үйім өртелген,
Бомбасынан немістің,
Жұртындағы көмірмен,
Жылап кеше көрістім.
Сонда маған үн келді:
Бұл арада, жатпа пан,
Атаң салған үйлерді,
Қайтып алар атты таң!
Соны маған үдеген,
Советтік жас жауынгер.
Азат дауысы гулеген,
Жаңғырығып қалың ел.
Бреслауда үйім бар,
Салған оны арғы атам,
Сонда тұрып сонырқап,
Қасіретімді тарқатам.
Қарт жүрегім көп күйді,
Қайғысымен өткеннің,
Тартып алған сол үйді,
Ұрпақтары Тевтонның.
Айтар едім сырымды,
Асығыспын, проше пан,
Көріп тұрмын үйімді,
Танып тұрмын тасынан.
Жалғыз ғана тілекпен,
Өтінемін мен сенен,
 Алғысым шын жүректен,
Сіздің елге – мың сәлем.
Қызыл тулар нұр шашып
Атты бізге азат таң.
Кеудемізді кең ашып,
Құтылдық біз дозақтан.
Апар сәлем еліңе,
Жеңістерге, ерлерге –
Пан Катевич кетті де,
Кең өмірге өрлеуге...
Кетті ұзақ тұра алмай,
Айтып соны асығып.
Көрден шыққан адамдай,
Тың өмірге тасынып.





Пікір жазу