07.04.2022
360
КҮЛЖАМАЛ ЖЕҢГЕЙГЕ
(Ардақты жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 70 жыл толуына арналған мерекеде – марқұмның жұбайына арналды.)
Өмірдің асқан шақта қия жарын,
Қырандай қайтқан жоқ па қиядағың? –
Күлеке, күлімдеші, бүгін тойда,
Қасында отырғандай Би-ағаның.
Сездірмей сағыныштың ауыр зілін,
Сақтадың серігіңнің сабырлығын.
Жаңғырды алау шалған бәйтерегің,
Күлеке, күлімдейтін шағың бүгін.
Би-ағаң отырғандай ортамызда,
Той сыйын ағамызға тартамыз да,
Арындай Би-ағаның асыл жеңгем,
Жабайын сол торқаны арқаңызға!