07.04.2022
  214


Автор: Қалижан Бекхожин

ҰРПАҒЫНА БАЯННЫҢ

Аты биік таулардың
Арасында аяулым.
Аңсап келдім, толғандым,
Бауырында Баянның.
 Сұлтанмахмұт дауысымен
Бесігімде ояндым.
Бала жастан таңсық ем,
Сипатына Баянның.
Жасыбайдың көлінде
Жасыл нуға боялдым.
Жыр шалқыды көңілімде,
Аясында Баянның.
Тегеурінді еріңнен,
Тебіренер ой алдым.
Озған жырдың өрінен
Тұлпары мен Баянның.
Толқындаған өлеңмен
Туыстарға аянмын.
Басымды идім сәлеммен
Ерлеріне Баянның.





Пікір жазу