07.04.2022
  335


Автор: Бірлік күні

Бүгін шаттық, мереке

      1-ші мамыр, яғни бүгін Қазақстан халқының достастығының айқын көрінісін көрсететін «бірлік», «ынтымақ» күні. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Расында да көпұлтты еліміз үшін бірлік пен ынтымақ ауадай қажет-ақ. Өйткені ауызбіршілік болмаса елімізде әрбір күні ұлтаралық дүрбелең болатын еді, жо-жоқ, Алла сақтасын! Біздің еліміздеге әрбір ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, бір-біріне деген құрметтері мен ізеттері, бір-біріне деген сыйластықтары жоғары, адами құндылықты білетін, жүректерінде мейірім мен шапағаты бар ұлттар деп білемін. Олар үшін еліміз туған жері, отаны. Отанға деген махаббаты, Отанға деген құрметтері өте жоғары. Осының арқасында әр жыл сайын сағындырып келетін 1-ші мамыр «бірлік» күнін ерекше, жоғары күйде атап өтеді. 1-ші мамыр расында да көп ұлтты еліміз үшін үлкен мереке. Берекені сезініп, мерекені тойлауды жалықпаған елімізде дәл осы күні еліміздің халқы әр ұлттың ұлттық әндері мен ұлттық билерінің орындалуын тамашалап, мерекенің дәм-тұзы ретінде әр этностың ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, шад шадыман күйде болады.
Бұл күн расында да мереке мен берекеге толы күн болып саналады. Өйткені, еліміздегі халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлік оларды дәл осы күні бір шаңыраққа жинап, бір-біріне деген сыйластық пен құрметтің белгісі ретінде ән салынып, би белеп бір-біріне ұлттық астан дәм ұсынып, бейбітшілік күнде, тыныштықтың самал лебін сезініп, ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бұл әрине, жанымызға қуаныш сыйлайды.
Сонымен қатар еліміздегі ұлттарды бір-бірімен жақындастыру ретінде дәл осы күні патриоттық шерулер өтеді. Бұның бәрі елімізде тұрып жатқан түрлі ұлттарға деген құрметіміз бен сыйластығымыз. Ия біз бір елміз, отанымыз бір, бір елде тұрамыз. «Күш бірлікте» деп бекер айтпаған шығар. Президентіміз айтқандай, Біз бірге мықтымыз, біз бірге күштіміз. Ұлттар арасындағы татулық барда, ұлттар арасындағы бірлік барда бізге ешкім қол шошайтып қарай алмас. Сондықтанда бүгінгі мереке біздер үшін, еліміз үшін, ел бірлігінің көрінісін айқындайтын маңызы өте зор мереке. Ендеше ынтымақ пен бірліктің мерекесі құтты болсын, қазақ елі! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Ел іргесі сөгілмесін! Татулық пен сыйластықтың арқасында тұтастығымыз жойылмай әрбір жылы 1-ші мамыр — «Бірлік» күнін республика көлемінде тойлай берейік!

«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы





Пікір жазу