07.04.2022
  438


Автор: Бірлік күні

1 мамыр — «Бірлік» күні

Кең байтақ қазақ даласында қазіргі таңда 150 ге жуық этнос өкілдері тұрады. Елімізде тұратын халықтардың бірлігі мен ынтымағын қалыптастыру мақсатында, әрбір ұлт өкілдерінің бір-біріне деген құрметі мен тату-тәтті сыйластықта өмір сүруіне жол салу барысында еліміздің түкпір-түкпірінде осы 1-ші мамыр ұлтаралық бірлік, ынтамақ күні ретінде тойланады. Бұл күн еліміздегі барлық ұлттар үшін, олардың сыйластығының артып, халықтардың достастығының айқын көрінісі ретінде мемлекет көлемінде кеңінен аталып өтіледі. Бұл мейрамның басты мақсаты елімізде тұратын түрлі ұлттар арасындағы қарым-қатынас пен бір-біріне деген аш жарқын көңілдері мен ортақ құндылықтарын насихаттау болып табылады.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» демекші, берекенің барлығы осы бірлік пен ынтымақтан бастау алады. Халықтар арасындағы достастық пен ынтымақ еліміздің қарыштап дамуына үлкен жол салатыны сөзсіз. Ал еліміздің дамып, шетелдерде еңсесі биік боп, алдынғы қатарда болуы әрине әрбір Қазақстандық ұлт өкілдерінің бір-бірімен өзара татулығы мен сыйластығы деп білем. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, әрбір Қазақстандық ұлт өкілдері бірліктерін сақтап, тірліктерін көркейтіп, алыс жақын шетелдерде өз істерін бастап, еліміз үшін қызмет ете білсе біздің елдің де мерейі үстем болып, абыройы асқақтай түсері анық. Қандайда іс болмасын бірлік пены ынтымақты талап ететінін айтпасақта белгілі. Сондықтан әрбір Қазақстандық үшін еңбірінші бірлік керек, бірдік бар жерде тірлік те өнеді. Сыйластық бар жерде ынтымақ болады, ынтымақ бар жерде ел тынышы сақталып, еш кедергісіз биікке өрлей берері анық.
Еліміз Қазақстанда тұрып жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасым тауып, әр жыл сайын 1-мамыр «бірлік» күнін тойлайтын барша ұлт өкілдері мен барша қазағымды осы бірлік күрімен шын жүректен құттықтаймын! Түрлі ұлттардың басын бір арнада тоғыстырып, бауырына басып отырған Қазақстан елі жасай берсін, абыройы асқақтап, көк байрағымыз көгімізден түспей, бар жақсылық орнала берсін! Жүрегі қазақ деп, елім деп соққан барша Қазақстандық азаматтар мен азаматшаларды бүгінгі келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймын!


«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы





Пікір жазу