Бірлігі мен тірлігі жарасқан ел
Ия, расында да біз бірлігі мен тірлігі жарасқан елміз. Елімізде көп этнос өкілдері мекен етеді. Халықтардың достастығы еліміздің іргесінің берік болуына ат салысатын бірден бір себеп. Өйткені 150 ден астам ұлт өкілдері тұратын біздің елімізде тыныштықты сақтап, бейбіт күнді бастап тұратын ең бірінші қарапайым халықтардың өзара достығы, өзара бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы деп білем. Халықтар арасындағы тепе-теңдікті сақтап, олардың тату-тәтті өмір сүруіне жағдай жасап отырған ел тізгінін ұстап отырған президентіміз бастаған билік өкілдерінің де жұмыстары ұшан-теңіз деп ауыз толтырып айта аламын. Біз таяқтың екі ұшы бар екенін де ұмытпауымыз керек. Билік ондай, билік мұндай деп барлығына қара күйе жаға беруге де себеп жоқ. Осындай бейбіт күнде халықтардың өзара достастығымен, сыйластығымен өмір сүрудеміз. Сондықтан осындай тату тәтті қалпымызды жоғалтпай, бірлігіміз бен тіроігіміз жарасын тауып отырған қалыпта татулықта, ынтымақ пен бірлікте еліміздің бұдан да өсіп, өніп өркендеуіне өз үлесімізді қосып, президентіміздің саясатына қарсы келмей, ел тынышын сақтай білейік! Сіз болып, біз болып еліміздің қарыштап өсуіге ат салыссақ, халықтар достастығының қаймағын бұзбай, айрандай ұйып отырған бейбіт күнімізге «шүкір» дейік.
Мен қуанамын осындай «Қазақстан» деген еліміз бар, кең байтақ туған жеріміз бар. Түрлі ұлт өкілдері бас қосқан бірлігі мен тірлігі жарасқан халқымыз бар. Мен мақтанамын, қонақ келсе қуанатын елденмін, «елім» дейтін, «жерім» дейтін жерденмін. Қаншама рет басына бұлт төнсе де, қайсар да мықты берілмейтін елденмін!
Бүкіл Қазақстан елін, барлық ұлт өкілдерін 1-мамыр халықтар достастығы «бірлік» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ынтымақ пен бірлігіміз жойылмасын! Аспанымыз ашық, көңілімізде шаттық болсын!
«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы