07.04.2022
  222


Автор: Қалижан Бекхожин

ТАРЛАНДАР

Құрметпен Сара Есова апайға
Демалыста, не бір кеште
жұрт толған
Әр қалада
гүл безенген алаң бар,
Ортасында
сол қауымның тапталған
Толғанады аппақ шашты адамдар.
 Нұрлы қарттар,
көздерінде ұшқын бар,
Ажымдары терең іздей сыры көп.
Сонау ерте күрестегі сұстылар
Отыр енді кең пейілмен күлімдеп.
Міне, гүл бақ, отыр адам ақ шашты,
Айналасын қоршап алған жас қауым.
Еске алды қарт
өткен талай айқасты,
Ағытарда бұл ғасырдың бастауын.
Онда албырт, абыржыған ұлы іспен.
Халық үшін қайнап ыстық жас қаны.
Шұғыл шақта
нұсқау алып Ильичтен,
Ереуілге жұмысшыны бастады.
Қария сол
сипаттайды көсемнің
Дана кейпін,
жарқын қызық мінезін,
Есіркейді,
арасында нөсердің,
Ильичпенен
.... Дем алғандар,
таулы ғажап орманда,
Алқалап тұр
мосқал мұртты ағайды.
Ол жауынгер,
капиталдық қорғанға,
Атой беріп,
Алған Қысқы Сарайды.
 Сыр айтып тұр.
«Азаткерлік майданда
Талай-талай сұрапылдан түн кештім,
Бұл дәуірге
күн қанатын жайғанда,
Смольныйда
Ильичпенен тілдестім...»
Қартаң әйел –
қайран жас қыз бір кезде,
Естелігін шертті қалың жиында:
«Ленин сөзін тыңдадым мен
сьезде!
Қалды үні
жүрегімде, миымда...»
Ұғын, ұрпақ!
Мақтануға хақы бар,
Шертсін сырды
Революция тарланы!
Ақ шаштылар,
ардақтылар –
Жарқыраған күрестегі арманы.
Тіпті, мен де
мақтанамын сендерге,
Сонау өткен ұлан шақты таныс қып:
«Ұлы көсем өзі барда,
кеудемде
Жайнады, – деп, –
гүлдей қызыл галстук!»





Пікір жазу