07.04.2022
125
МӘДИ ӘНІН ШЕРТКЕНДЕ
(Әшімбек Бектасовқа)
Қолыма ұстағанда домбырамды,
Шертемін шері терең сол бір әнді.
Сазымен жас дәурендей сырласамын,
Есіме алып сонау сорлы жанды.
Бүғаудан әнші сабаз бұлқынған ба?
Батамын, тартсам күйін, мұң-тұманға.
Білмеймін, елжірейді неге жаным,
Сол әні шертілді ме мен туғанда?
Әнімен жүрегімді әлдилеген,
Жасымнан сырлас едім Мәдименен.
Қайралмай көк семсердей қайран жастық,
Өте ме жауған бұлттай фәни деген...