07.04.2022
  146


Автор: Қалижан Бекхожин

БІТІМІ ДИХАН БАБАДАЙ

(Қадірлі Мұқаметжан Ерлепесовке)
Жыршымын ғой көктемде
Дала шуын тыңдаймын.
Әндетемін өткенде
Алқабынан бидайдың.
Көрдім сонда шалқыған
Сипап дәннің желегін,
Білігі күшті нән диқан
Барлап жасыл белеңін.
Торқаланған жерінің
Топырағын уыстап,
Өрнегі сәнді өңірін
Қарайды бір сәт тыныстап.
 Сүйсінер солай әрдайым
Шашағы алтын сал қырға,
Тосады Мұқаң маңдайын
Ексімдеп соққан жаңбырға.
Жарқын жазда емес пе,
Диқанға мол несібе?
Енді қарлы белесте
Толғанып жүр несіне?
Өзі бір рахат тапқандай,
Кең кеудесін тұр керіп.
Асылы бір жатқандай
Ақ мамықты бүркеніп.
Кезіктім, міне, боранда
Құйындаған қырдағы.
Осынау өрен адамға
Батырдай ерен тұлғалы.
Ұнаттым қырдың серісін
Бітімі диқан бабадай.
Жаны сүйген жер ісін,
Көңілі дархан даладай.





Пікір жазу