07.04.2022
156
ТОМАҒА КИГЕН ТАУ БҮРКІТ
(Бауыржан Момышұлына)
Томаға киген тау бүркіт,
Қадайды көзін құздарға.
Сонда бір шыңды жаңғыртып,
Саңқылдап ұшқан мұз-қарда.
Сабалап сонда қанатын,
Қиқулайтын дауылда;
Шүйілсе бұғып қалатын
Аң да, құс та, тауың да.
Енді маңы тып-тыныш,
Жоқ дауыл да, тақыр да.
Отыр тарлан сұсты құс,
Топшысын бүгіп тұғырда.
Мүмкін қалған із бар ма,
Құзында қарлы қияның?
Қарайды қыран құздарға,
Қиялар тербеп қиялын...