06.04.2022
  627


Жемқорлық

Отыз жыл тәуелсіз мына елімізге,
Жемқорлар жүр елімізде, төрімізде.
Халықты жеп, бай болып, билік еткен,
Арсыздар осы біздің теңіміз бе?!

Ақшамен тең көріп мына дүниені,
"Сатып алам" дейді ме күллі елді?!
Еңбегінен халықтың жырып алып,
Деп жүрсің "мына істі кім біледі?! "

Жемқорлық жайлап кеткен күллі жерді,
Ақшасыз бар еңбегің нөлге теңді.
Жемқорлықсыз болашақ Қазақстан,
Отыз емес, он жылда көркейеді.

Жемқорларды қоғамнан бұл аластау,
Дамытуға елімізді бір бастау.
Жемқорларды әшкерелеп тезірек,
Қою керек заңмен іске толастау!

Отырар ауданы, Көлқұдық елдімекені, С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Исабек Зейнеп.




Комментарии

Нұрлан Кәусар
Нұрлан Кәусар 06.04.2022 23:17
Өте кереммет өлең! Осы өлең жаман адамдарға жасыңа айналуына көмектеседі деп ойлаймын!?

Пікір жазу