06.04.2022
  216


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ƏЗІЛ

Жырымды өзге түгіл қыз ұқпады,
тастадым сол үшін мен сызып бəрін.
Қыз менің теңеуіме түсінбеді,
мен қыздың кірпігіне қызықпадым.
Ашып ем үр-жаңа ойды дара барып –
қыз мені бір жымиып бағалады.
 Ол менің өлеңімді оқымады,
мен оның бұрымына қарамадым.
Балғалап ұқтырдым деп «ақын жанын»
тақтай сабап жатқандай тақылдадым.
Ол менің бір жырымды жаттамапты,
мен оны театрға шақырмадым.
Əй, қайран пендешілік,
«жанып» ішің
жүресің, шарап емес, жалын ішіп.
Осылай қыздарыңмен «ерегестім»
жігіттер, өздеріңе жағу үшін.





Пікір жазу