Жүкті әйел өзінің құрсағындағы баласының денсаулығын, жарық дүниеге аман-есен келуін ойлап көп уайымдайды. Төмендегі Құран дұғаларын әр жүкті әйел жадына тұтса жөн:
Жақсы ұрпақ сұрайтын дұға
«Жаратушы ием! Маған жақсы ұрпақ сыйлай гөр. Дұғаны қабыл етуші Өзің ғана» (3:38).
Алла құрсақтағыны біледі
«Алла әр әйелдің не көтеріп жүргенін, әр құрсақтың қаншалықты тарылып немесе кеңейетінін біледі. Барлық нәрсе Оның өлшемімен» (13:8).
Көз қуаныш болар бала сұрау
«Жаратушы ием! Жұбайларымыз бен ұрпағымызды көз қуанышымыз ете гөр және бізді тақуалардың қатарынан ет» (25:74).
Бой ұсынатын ұрпақ сұрау дұғасы
«Жаратушы ием! Бізді Өзіңе бой ұсынатындар қатарынан ет. Ал біздің ұрпағымызды Өзіңе бойұсынатын қауымнан ете гөр. Бізге құлшылық салтын көрсет және біздің тәубемізді қабыл ал. Расында, Сен – тәубені Қабыл алушы, Мейірімдісің» (2:128).
Тақуа ұрпақ сұрайтын дұға
«Жаратушы ием, маған тақуалардың қатарынан болар ұрпақты нәсіп ет!» (37:100).
ummet.kz