06.04.2022
  1072


Автор: Дұға оқу

Дұға тілегенде нені сұрап, нені сұрамау керек?


Муаз ибн Жәбәл әңгімелейді: «Бір кісі: «Аллам,  маған сабыр бере гөр!» – деп дұға жасап отырған-ды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгінің қасына келіп:




– Алладан басыңа бәле мен қиыншылық тілеп  отырсың. Одан да деніңе саулық тілесеңші, – деді. Алла елшісі тағы бір күні: “Аллам, сенің барлық  нығметтеріңді тілеймін”, – деп дұға етіп отырған біреуді көріп, оған да былайша ескерту жасады:


– Ей, адамзат! Сен барлық нығметтердің не екенін білесің бе өзі?


Әлгі кісі:


– Уа, Расулаллаһ! Бұлай дұға ету арқылы тұрмысымды оңдап алғым келеді және рухани жетілуімді ойлап отырмын, – деді. Пағамбарымыз:


– Жәннатқа кіру мен тозақтан құтылудың өзі үлкен нығмет қой, – деді оған.Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде:


«Ей, ұлы Аллам! Ей, сыйлығы мол Аллам!» – деп отырған біреуді көріп:


– Әрмен қарай жалғастыра бер. Алла бұл дұғаңды қабыл етеді, – деді».


Бәшир ибн Хасасияның әңгімесі: «Аллаһ расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):


– Сені Рабиәтүл-Қашамнан Аллаһ елшісінің алдына әкеліп, иман нұрымен нұрландырған Аллаға мадақ, – дегенін естіп:


– Ей, Расулалла! Дұға етші, менің жанымды сенен бұрын алсын, – дедім. Алла елшісі:


– Мұндай дұғаны ешқашан, ешкімге тілемеймін, – деді»


материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,


ummet.kz






Пікір жазу