06.04.2022
  437


Автор: Бірлік күні

1-мамыр мереке

Бірінші мамыр мереке,
Тойланады бұрыннан.
Халықтардың достығы,
Сыйластықта құрылған.

Бір отбасы достардай,
Арласамыз бәріміз.
Қазақ, өзбек, орыспыз,
Бірге атар таңымыз.

Көп ұлтты біздің еліміз,
Ынтымағы жарасқан,
Көп ұлтты біздің жеріміз,
Сыйластығы тау асқан.
Жібек Искакова





Пікір жазу