06.04.2022
  371


Автор: Бірлік күні

Шаттығы мол күн болсын!

Қуанайық баршамыз,
Бүгін шаттық мереке.
Бірінші мамыр бүгінгі,
Сыйласын бақ береке.

Әрбір үйде орнасын,
Сыйластық пен ынтымақ.
Халықтардың достығы,
Мәңгі болсын жарқырап.

Көңілдерде мұң болмай,
Бақыт алдан тоссын тек.
Жүрейік тек гүл жайнай,
Әр күн сайын күлімдеп.
Жібек Искакова





Пікір жазу