06.04.2022
  320


Автор: Бірлік күні

Көп ұлтты Қазақстан

Көп ұлтты Қазақстан,
Елім, жерім, Отаным.
Құтты болсын мереке,
Сәтті атып әр таңың.

Достығымыз жарассын,
Сыйластыққа бастайтын.
Бірлігіміз жарассын,
Мерекені растайтын.

Әрбір ұлттар өкілі,
Елімізде тұратын.
Артсын біздің сыйластық,
Ынтымақты ұғатын.
Жібек Искакова





Пікір жазу