06.04.2022
180
Болмасын қайғы-мұңымыз!
Болмасын қайғы-мұңымыз,
Шырқалып ән мен жырымыз.
Құтты болып мереке,
Арта берсін құнымыз.
Бірінші мамыр бүгінгі,
Бар бақытын сыйласын.
Тату болып барлық ұлт,
Қуанышын жинасын.
Ұлт бірлігі артсын тек,
Елімізде көп ұлтты.
Жандана тек сыйластық
Қуандырып көп жұртты.
Жібек Искакова
бірлік күні ынтымақ сыйластық 1 мамырға тілек 1 мамыр 1 мамыр бірлік күні бірлік күніне тілек ынтымақ күні