06.04.2022
204
Ынтымақ бірлік күнінде
Ынтымақ, бірлік күнінде,
Сыйластықтар артсын тек.
Әрбір ұлттың адамы,
Бар бақытын тапсын тек.
Асқар таудай әкелер,
Мәпелесін ұл-қызын.
Сыйластықпен үн қатып,
Жарқыратсын жұлдызын.
Әкелердің барында,
Жайқалар гүлді бағың да.
Тамыр жайып гүлдейсің,
Әкең болса жаныңда...
Жібек Искакова