05.04.2022
  771


Автор: Жібек Ысқақова

45 жас, қарындасыма

Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Біздер үшін қуаныш, думан бүгін.
Есік ашты қырық бес қарындасым,
Тарту етіп саған бүгін өмір гүлін.

Орындалсын арманың, мақсаттарың,
Шыға берсін қарындасым жақсы атың.
Қырық бес жас қуанышқа бөлеп сені,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың.

Қуанышың көп болсын қарындасым,
Әрбір күнің шаттыққа толы болып.
Жаратқаным жар болып бір өзіңе,
Әрбір істің әрқашан оңы болып.
Жібек Искакова





Пікір жазу