05.04.2022
  2312


Автор: Жібек Ысқақова

Ағатай, туған күніңмен! (45 жас)

Биігімсің, жайқалған бәйтерегім,
Асыл ағам, асқарым бір өзіңіз.
Қырық бес жас есігін ашты міне,
Жанымызға нәр беріп әр сөзіңіз.

Құтты болсын туған күн ағатайым,
Ортамызда жүрші аман, жоқ боп уайым.
Қанатыңыз талмасын ешқашанда,
Күлім қағып ағатай сен әрдайым.

Саулығыңыз мықты боп, шаршамаңыз,
Жаратқаным жар болып өзіңізге.
Ағатайым өзіңіз деп ән саламыз,
Бар қуаныш толсын деп жүзіңізге...
Жібек Искакова





Пікір жазу