05.04.2022
  394


Ораза

Мұсылман мақтана алмас күнәсімен.
Ораза бағаланбас түн асымен.
Сәресі берекелі дұғасымен.
"Ақшам" да қымбат емес "жұм-ашымен"
Бекерге өткізбейік оразаны.
Ас-сусыз асқазанның құр ашымен.
Ой шіркін алабұртып тұрмас үшін.
Бастырайық иманның гір тасымен.
Көз, құлақ, тіл - арамнан ада болсын.
Жүрекпенен иманға кел расымен.
Ислам, иман, ихсан теңдей түссін.
Әркім де қылар тәуба "тіл-басымен"
Амалың - біліміңе сәйкес келсін.
Былғанбасын күмәннің кір-ласымен...
ДАРХАН ОҢҒАРҰЛЫ





Пікір жазу