05.04.2022
  164


Автор: Абдрахман Асылбек

Вампирлер

Вампир деген – қанқұр деген,
Жаналғыш Нәңкүр-Мәңкүр деген.
Яғни, адам қанын сору деген,
Сол арқылы күнін көру деген.
Демек, ондай тірлік бүгін де бар,
Құлағыңның түбінде бар.
Қазіргі банкирлер –
Нағыз вампирлер.
Жекешелендіріп банкті,
Сүліктей соруда халықты.
Кепілдікке үйі мен жерін қойып,
Келісім шарт жасап, мөрін қойып,
Ақша беріп қарызға,
Айналдырып парызға,
Ай сайын өсім алады,
Өсімін көсіп алады.
Өйткені, тапқаны тамағынан өтпей,
Борышын өтеуге жетпей,
Қарыздың тартып зардабын,
Борышкер тістеп қалар бармағын.
Ақырында күйі кетеді,
Кепілдікке қойған үйі кетеді.
Сөйтіп, банктен алған «кредит»
На здоровье вредит.
Турасы, босана алмай бұғаудан,
Байлаудағы үреді ит.
Қарыз алған адам «пысық» боп,
Мияулаған мысық боп,
Мысық емес, күшік боп,
«Күркешікке кіреді ит».





Пікір жазу