meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.04.2022
  179


Автор: Абдрахман Асылбек

Мансапқордың арманы

Болсамшы біреуге іні, біреуге аға,
Немесе бір мықтыға күйеу бала.
Мен сонда жалғызсырап жаутаңдамай,
Көрер ем қошемет пен сүйеу ғана.
Сатылап қызметім де өсер еді,
Күншілдер көзге мақтап бөсер еді.
Кей кезде қателесіп кетсем-дағы,
Қалтқысыз «сенікі жөн» десер еді.





Пікір жазу