05.04.2022
118
Сын мен шын
Бұл күндері жүйке біткен жұқарған,
Қауіпті де, қатерді де күт алдан.
Қалтырайды қаңылтырдай қауқарсыз,
Серттен тайып, семсер сын да мұқалған.
Сынай қалсаң бір мықтыны «қуырып»,
Өліп кетер у ішіп не буынып.
Не болмаса таппай өзің таяныш,
Қызметіңнен кетерсің тез қуылып.