Ақіреттік әңгіме
Заманда баяғы,
Сайтандардың,
Сайқалдардың
Шыққанда аяғы,
Аса көрікті
Ерлі-зайыпты болыпты,
Толыпты,
Бірте-бірте солыпты,
Шал бейшара өлер шаққа келіпті.
Шақырып ап кемпірін,
Былай депті: «Кел, күнім!
Сүйіп алған жарым ең,
Сүйіп салған әнім ең.
Ақыреттің жолында
Кетпесін де қарыз боп,
Мойындайын парыз деп,
Кешіре гөр, торынба.
Кездерімде еріккен,
Біраз жастық желікпен
Көзіңе шөп салып ем».
Кемпірі де қалсын ба?
Басты ол да бар шынға:
«Қадірменді шалым ең.
Қызығымен жалғанның,
Мен де шөпті салғанмын.
Бұрыштағы, әне бір
Танимысың дорбаны?
Бастап жиған ана жыл
Тары емес пе ондағы?
Сені алдаған әр күні
Сала бергем бір дәннен.
Керек десе, жарқыным,
Ауыз тидің бұл дәннен:
Бір-екі рет өзіңе
Тәтті майсөк жасағам.
Ренжіме сөзіме,
Соттай жатар Жасаған»...
Содан кейін көзін жұмып мәңгіге,
Бейшара шал үндеместен жүріп кеткен.
Алайда, ол кемпірінің әлгідей
Сайқалдығын біліп кеткен.
* * *
«Бір әйелдің күнәсі
Қырық есекке жүк болған», –
Деген нақыл шүбәсіз
Осындай бір әңгімеден жұпталған.