05.04.2022
149
Құрып кетті
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Он шақты құтысын іліп кетті,
Содан бері иіссу құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Оның да он шақтысын іліп кетті,
Содан бері «шампунь» құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Бұдан да біразын іліп кетті,
Содан бері «лосьон» құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Көптеген қалбырын іліп кетті,
Содан бері етік май құрып кетті...
Құлқынбек дүкенге кіріп кетті,
Қырықтай қадағын іліп кетті,
Содан бері ашытқы құрып кетті...
Құлқынбек бір үйге кіріп кетті,
Содан бері өзі де құрып кетті...
Бар сырын бір досым біліп кепті:
Деп жүрсек не пайда түседі екен?
Құлқынбек өзінше пішеді екен –
Әлгілерді арақ орнына ішеді екен.