05.04.2022
  103


Автор: Абдрахман Асылбек

Кім көріпті мұндайды?

Кім көріпті мұндайды?
Кім білмейді Тынбайды?
Арыз жазып домалақ,
Күні-түні тынбайды.
Арымайды, азбайды,
Жазған сайын маздайды.
Бірақ, арыз соңына
Аты-жөнін жазбайды:
«Ішіп қойды, жеп қойды,
Анау андай деп қойды.
Ана біреу парамен
Басшы орынға бет қойды...»
Сөзі сылдыр соншама,
Дәлелі жоқ болса да,
Тексеруге арызды
Кеткен уақыт қаншама?
* * *
Бірде бастық шақырды,
Мақтау айтты «татымды»:
Әкең қандай данышпан,
Тауып қойған атыңды.
Өтірікті шындай деп,
Жазарыңды тынбайкөп,
Білген әкең алыстан
Екен нағыз данышпан:
Ат қойғаны «Тынбай» деп.





Пікір жазу