04.04.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Маған көп керек емес

Маған көп керек емес,
Өйткені, қарным шелек емес:
Көп болса, 200 грамм ет жеймін,
Одан артықты керек етпеймін.
Демеймін қыра ішемін,
Көп болса, екі литр сыра ішімін.
Маған көп керек емес,
Өйткені, денем де ерен емес:
Екі метр мата кәстөмге жетеді,
Одан артық болса, қолбырап кетеді.
Маған көп керек емес,
Кең сарайдай кереге емес,
Отырып жұмыс істелетін,
Жайлы жатып, түс көретін
Шағын бөлме де болып жатыр,
Соған да көңілім толып жатыр.
Маған көп керек емес,
Өйткені, бойым терек емес:
Демеймін, дүниені жиып кетем,
Өлсем, екі-ақ метр жерге сиып кетем.
Ақыры бір күн өлемін,
Өлген соң не қызық көремін?
Ол дүниеге алданба,
Бар қызық осы жалғанда.
Бірақ, маған көп керек емес,
Көп сұрағанмен бере бермес.
Екі адамға ақылым жетеді,
Тегі, екі әйел алсам не етеді?





Пікір жазу