04.04.2022
  92


Автор: Абдрахман Асылбек

Жағдайымды сұрайды кім?

Жағдайымды жаны ашып, сұрайды кім?
Жарытпай-ақ қойды ғой Құдай бүгін:
Кісімін деп қалайша айта аламын,
Бір арақтан артпаса бір айлығым?
Ей, жігіттер, көрсетпе кесір бөлек,
Бұл күндері бөсетін есірме көп.
Бар өнерін ақшаға айырбастап,
Жүргендері желігіп есінде жоқ.





Пікір жазу