meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.04.2022
  163


Автор: Абдрахман Асылбек

Адамдықтан аттап қайтейін

Біреулерді мақтап қайтейін:
Тасынып кетер,
Басынып кетер.
Біреулерді даттап қайтейін:
Дауласып кетер,
Жауласып кетер.
Біреулерге кек сақтап қайтейін:
Сақтанып кетер,
Саптанып кетер.
Адамдықтан аттап қайтейін:
Ұғысып кетер,
Туысып кетер.


 





Пікір жазу