04.04.2022
  90


Автор: Абдрахман Асылбек

Ашты да қашты

Қу істетіп басты,
Бір банкті ашты,
Айла-амалға басты:
Жүз есе деп өсімі,
Жұртқа хабар шашты.
Одан түскен пайда
Шаш-етектен асты.
Ойлаған ба көпшілік
Ұтылам деп әсті.
Барын беріп банкке,
Жедел есеп ашты.
Мол ақшамен бір күні
Банкир шетке қашты.
Мыңдап өсім күткендер
Шындап төкті жасты.
* * *
Өмір бойы жиған
Бар ақшасын құйған
Зейнеткерлерді қиған
Банкир итте титтей
Болсайшы бір иман.





Пікір жазу