04.04.2022
  128


Автор: Абдрахман Асылбек

Телефонның мұңы

Бір бөлмеде он беспіз,
Қызыметтес, теңдеспіз.
Телефонға талассақ,
Көгермеспіз, өнбеспіз.
Азбыз ба, әлде көппіз бе?
Жағдай мүлдем жоқ бізде.
Он бес жанға берілген
Бір телефон тек бізде.
Таң атып, күн батқанша,
Ел ұйқыға жатқанша,
Талай ауыз көпіріп,
Талып түскен жақ қанша?
Бірі звондап аулына,
Бірі звондап баурына,
Жанталасып жатқаны,
Ырду-дырду даурыға.
Бірі ішіп қызғанда,
Звондайды қыздарға.
Ыңыранып отырар
Кейбір сабаз сызданба.
Бір-біріне қарасып,
Жүрген жандар дарасып.
Ит болады табанда,
Телефонға таласып.
Көп көрсетіп көптігін,
Телефонға жоқ тыным.
Телефон бірде зар қақты,
Тілінің айтып жоқтығын:
«Тілім болса, топта мен
Мылжыңдарды соттар ем.
Жеті атадан түк қоймай,
Шеттерінен боқтар ем.
Қолым болса егерде,
Мылжыңдарды елер ме?
Шеттерінен сабар ем,
Одан олар өлер ме?
Аяқ болса, басар ем,
Бір керемет жасар ем.
Безіп осы бөлмеден,
Айдалаға қашар ем.
Зар қақпайын неге мен?
Кетіп болды кенерем.
Бұл қорлыққа көнгенше,
Суға батып өлер ем».
Телефон солай сарнады,
Мұңын шағып зарлады.
Тыным тапса бір минут,
Болмас еді-ау арманы.
Қыздарың бар, ұлың бар,
Болса-дағы пірің бар,
Телефонға таласпай,
Сабыр сақтай тұрыңдар.


 





Пікір жазу