04.04.2022
  236


Автор: Айнұр Тұрсынбаева

Ораза

Осы постты жазамын деп жүргенiме 2-3 күн болды, әйтеуiр қолым босамай қойды. Кешеден берi басым сынып телефонға қарауға шамам келмей қалды. Бүгiн жазбасам кеш болатынын бiлiп қиналсам да жазайын деп отырмын. Достарым, қасиеттi Рамазан айы да келдi, бұйырса бүгiн түнде ауыз бекiтемiз. Жалпы басқаларға қарағанда менiң оқырмандарым өте иманды. 80-90% оқырманым оразаны анық ұстайды.


Бұл пост оразаны ұстауға дайын емеспiз деушiлерге, қиналып қалам деп қорқып отырғандарға арналады. Ең алдымен, ораза ұстап өлiп қалған ешкiм жоқ, керiсiнше барлық ауру астан болады, ал кешке дейiн аш жүруге шыдамыңыз жетпесе сiз өте әлсiз адамсыз! Менiң бiр танысым дәрiгерлер ешқашан балаң болмайды, ұрықтарың өлiп қалған деген едi, кейiн қызды болды. Себебiн сұрағанымда отыз күн оразада бiр күн демалмай дұға жасадым, ораза бiте салып әйелiм бала көтердi деген болатын.


Кiмнiң жүрегi тыныш емес, кiмнiң жұмысы жүрмей жатыр кiм қиналып жүр, кiмнiң отбасында береке болмай тұр?! Бүгiнгi түннен қалмай ораза ұстасын! Еш дайындықтың керегi жоқ! Мен ораза ұстауға ниет еттiм, Алла барлық қиындықтан құтқар деп дұға жасаса болды! Бұл айдың қасиетiн мен сөзбен түсiндiре алмаймын. Әрбiр минутты пайдаланып қалыңыздар. Алла айтады, бәтеңкеге бау керек болса да менен сұра, мен барлық керегiңдi тауып беремiн, барлық дұғаңды қабыл етемiн дейдi, ал Рамазан айы барлық дұға қабыл болатын ай достарым. Ал, кiмдер оразаны асыға күтiп отыр екен, айта отырыңыздар?





Пікір жазу