04.04.2022
192
ҚАҢҚУ СӨЗ ҒОЙ ДЕСЕҢ ДЕ…
Қаңқу сөз ғой десең де,
қиын содан арылу:
жаман болсаң,
шешеңді
тілдейді жұрт, жарығым.
Қылмыс көрер қатеңді,
қате етпесең – және ойла:
жаман болсаң,
әкеңді
тілдейді жұрт, абайла.
Абайлай гөр,
Тегінде
ұқсаған жөн мықты ұлға.
жақсы болсаң,
еліңді
мақтайды жұрт,
ұқтың ба?
Жүрегімді жейді үрей
қанын ішіп оймақтап.
Әке-шешең – мейлі ғой...
ел намысын ойлап бақ.
1969, 1982