04.04.2022
195
ҚАРТ ДИҚАН
Арық қара бір шал жүр, арық қара,
қармалып арық қолдар талып қана
сипайды егін басын,
сирек тіске
үзіп ап дән түйірін салып қарап.
Бәрі тез сезгенімен «сүттенгенін».
кәрі көз ойдан өзге түк көрмеді.
Секілді сөйлегені – сүйінгені,
иілгені секілді – бүктелгені.
Тоқтының иленбеген пұшпағындай,
саусақ та болады екен қысқа мұндай!
Қарулы қолдарың да қалтырайды-ау
аяса әр нәрсені ұстарында.
Сипайды әр масақты дір-дір етіп,
саусағын күйдірердей күлбіретіп,
айрылып калатындай бос ұстаса,
сықылды қатты ұстаса бүлдіретін
Немесе...
жетсе кімнің күні күзге,
қарт шебер атайды ғой мұны бізде.
Диқан да шебер сын-ды,
жүргендей ол
бітірген бір ісінің мінін іздеп...
1967, 1982