04.04.2022
  92


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ӨЗ МҮЛКІМНІҢ БАР САЛМАҒЫН ҰҚСА ЖАН…

Өз мүлкімнің бар салмағын ұқса жан,
Одан сайын ауырлата жүк салам.
Ойхой, менің қанағатым тойымсыз
Қайыршының дорбасына ұқсаған.
Алу керек, алу керек, көп керек,
Ақысына көкірегімнен от төлеп,
Алдағымды арман қылам алғанша,
Ал, алған соң, тағы қалам өкпелеп.
Тағы жүрек... ақыл – қызу, ой – аптық,
Талай ойды есік қағып ояттық.
Тағы жүрем... сүйенермін шаршасам,
Туған жердің әр бұтасын таяқ қып...
1961





Пікір жазу