meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.04.2022
  308


Автор: Абдрахман Асылбек

Мүше

Екі аяғың сау болса,
Асулардан асарсың.
Екі қолың сау болса,
Жақсы заттар жасарсың.
Екі көзің – шырағың,
Көру үшін жаралған.
Естіп екі құлағың,
Тәтті әуеннен нәр алған.
Иістерді, ал, мұрын
Сезу үшін жаралған.
Көмейдегі бал тілің
Сөзің үшін жаралған.
Ең мықтысы басың ғой,
Ақыл үшін жаралған.
Ақтарса ол асыл ой,
Орындалар бар арман.





Пікір жазу