04.04.2022
  369


Автор: Абдрахман Асылбек

Космонавт

Самғап ұшқан алысқа
Космонавт мен болам.
Жаны құмар ғарышқа
Ел сүйсінген ер болам.
Озып ұшқыр қиялдан,
Зымыраймын оқтай боп.
Жердің шары қияннан
Шалынады шоқтай боп.
Ғаламшарым қап артта,
Жұлдыздарға бет алам.
Зымыранмен заматта
Ең қашыққа жете алам.
Жұлдыздардың бірінде
Болар, мүмкін, тіршілік.
Тапқанша оны түбінде
Самғай берем құлшынып.





Пікір жазу