04.04.2022
  191


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЕҢБЕК ҚЫП КҮН-ТҮНІМЕН…

Еңбек қып күн-түнімен
елім, сені сүйгенмін.
Бір қызыңнан туып ем,
бір қызыңа үйлендім.
Жыңғылыңның түбірін
жағып, жасап бата-емін,
Ат қойыпты бір ұлың,
бір ұлыңа әкемін.
Әлсіз отпын әлі мен,
жайымды айтсам сенер кім?!
…Бір сайыңда жанып ем,
бір төбеңде сөнермін.
1969, 1982





Пікір жазу