04.04.2022
  294


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЕРСІ ДЕМЕ, ТУЫСТАР…

Ерсі деме, туыстар
тоқсан қабат бұлт болып,
тоқсан түрлі ой миымда жатып алды бүктеліп.
Бұлтсыз ашық тұрады кейде Алатау шоқтығы,
бірақ менің басымның ойсыз тұрған жоқ күні.
Алатаудың басына қаншама ауыр қонса бұлт,
менің қара басыма ой қонады соншалық.
Түйіліп кеп жауа алмай кетті көп бұлт,
тегінде
тамшы жырсыз көп ойым тарап кетті менің де.
1969, 1982





Пікір жазу