04.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ДҮНИЕ ДЕГЕН ҮЛКЕН СӨЗ…

Дүние деген үлкен сөз:
күн ұрғанда шекені,
жапырағын бүркенсең,
бір ағашы-ақ жетеді.
Дүние деген сөз ұлы,
ұлы сөзден талай бір,
өлсең, көмуге өзіңді
қарыс жері жарайды.
Ал, осындай әлемге
бір кездері, сенер ме ең:
тарлық көріп біреулер
сыймай етті дегенге!
1969, 1982





Пікір жазу